7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: 7- сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
• жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін анықтай алады;
Оқушылардың көбі:
• жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
Оқушылардың кейбірі:
• жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
• сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық