27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 27-сабақ. Ч, щ дыбыстары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат алу, жүйелеуді үйренеді;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- үлгі негізінде ч-щ әрпі бар сөздерді есте сақтап сауатты жазады;
- жіберілген қателерді талдау арқылы табады.
Оқушылардың көпшілігі:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат табу жолын біледі, жүйелейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- сөз құрамында ч-щ дыбыстарын ажыратып, сауатты жазады;
- жіберілген қателерді сөздермен сәйкестендіру арқылы табады.
Оқушылардың кейбірі:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерді іріктеп, ақпарат табу жолын, жүйелейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
сөз құрамында ч-щ әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
жіберілген қателерді өз бетінше түзетеді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық