№9 сабақ Шақыру жазу (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан
Сабақ тақырыбы: №9 сабақ Шақыру жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық