№1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті анықтайды;
- үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті ажыратады;
- үлгі негізінде ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті жасай алады;
- ашықхат мәтінін өз бетінше құрай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық