№ 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 58-сабақ. Сөйлем мүшелерінің байланысы
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық