Желтоқсан жаңғырығы

Тәрбиеші: Елім менің тәуелсіз жерім менің
Күннен алған шуақты өмір дәмін
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан,
Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің Отаным

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар!
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
Отан,Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.
2. Отан деген атамекен, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің Қазақстаным - менің болашағым

Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы:Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

От - тілсіз жау

Тақырыбы: От - тілсіз жау!
Қатысушылар: 2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде.
Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.
Тәрбиеші:
Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.
Тәрбиеші:
Саябақта балалар серуендеп жүріп,
Сіріңкені жолықтырды.
Ол балалардан онымен достасуын сұрады.
Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды)
Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды)
1-бала: Жағуға болады ма?
2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің тұңғыш Президентім

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар?!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Балалар бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күн дидарлы Қазақстан

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, астанасы, желтоқсан, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 –шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің елім

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.
Қолданатын құралдар: түрлі түсті қағаз, желім.
Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді»
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.
- Күніміз шуақты болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қыс

Тақырыбы: Қыс
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету.
Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.
Ұйымдастыру барысы: Тәрбиешінің іс әрекеті - Шаттық шеңбер құру.
Үлкенге де - Сіз,
Кішіге де – Сіз.
Барша жұртты құрметтеп, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Баланың логикалық ойлауын дамыту

Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында-үстінде, арасында) таныстыру, балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету(жоғары-төмен, ұзын-қысқа).
Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік құралдары: өзен, биік қарағай мен аласа шыршаның суреттері, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық.
Үлестірмелі материалдары: түрлі-түсті карандаштар, жұмыс дәптері.
Алдын- ала бала санына қарай үлестірмелі материал (жұмыс дәптері) жасалады, онда үш қыздың бейнесі бейнеленген аласа, ұзын, ең аласа және үйлер осы өлшемде.
Технология: Ойын технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері.
Ал балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық