Химия | Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның салдары

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротильдық эквивалентпен өлшенеді. Тротильдық эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер ( су ) бетінде және жер астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультра күлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
Өткір радиация – гамма – сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп, бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. ....
Рефераттар
Толық