Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
«Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлемақы төлейтін болып келісім-шартқа отырған бір құл келіп: «Келісім-шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған.....
"Қосымша құлшылықты парыз етілгендей жаса" Әли ибн Ахмад, Хиласат әл Азар, 3/401
Бұл мақалада Жәннаттың жұпар иісін сезінгісі келетіндерге Жаратқан Алланың сүйіктісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , құнды сый ретінде қалдырып кеткен қосымша құлшылыққа қатысты он сегіз ақыл-кеңесі келтірілген.
1. Ай толғанда ораза ұстау
Абдуллах бин Әмр бин әл-Асаның (Алла оған разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Ай сайын үш күн ораза ұстау үздіксіз ораза ұстаумен тең». (Әл-Бұхари; Муслим).
Ибн Аббастың, Алла оларға разы болсын, былай дегені хабарланады: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ай толған күндері үйде болсын, түзде болсын, әрдайым ораза ұстайтын» (ән-Наса'и).
Мұнда «ақ күндері» ораза ұстау деп әр айдың 13, 14, 15-ші жұлдызы жайлы айтылып тұр.
Ескертпе: Катада бин Мильханның, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Алла Елшісі бізге айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ораза ұстауды әмір етті» (Әбу Дауд).
Джариир, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің.....