Семей ядролық полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн-ға жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлумет қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. ....
Рефераттар
Толық

Семей полигоны туралы жалпы түсінік

Тәуелсіз өз қолымызға тигесін қыруар “проблемалар нөсерінің” астында қалғанымыз белгілі. Солардың нағыз проблема тудырып отырғандардың бірі-экология тақырыбы. Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай қиянат жасалынып келеді. Олардың зардаптары әлемге әйгілі. Осы әлемге әйгілі зардаптың бірі “Семей полигоны” болып отыр.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшілік назарында болды. Шын мәнінде қазақ даласының 19млн.Га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 ж.ж аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде қалғаны жер астында жасалды. Енді Семей қаласындағы полигонға тоқталсақ. Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанымен қазір күннен-күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбатта болса да дәрі-дәрмектерді жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саныда біршама баршылық.
Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістерінің бүгінде ешкімге ешқандай қажет болмай, аяқсыз қалғандығы. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешенннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажетілігіне ешқандай талдау, сұрыптау болмады.Бәрі де құр дабырамен жүргізілді.
Біздің ойымызша 40 жылғы ядролық полгонның орталығы болған жерде толыққанды экологиялық басқарма болғаны жөн. Және ол Шығыс қазақстан облыстық экологиясының Семейдегі бөлімі болса да оның дұрыс жұмыс жасауына барлық жағдайды жасау керек. Алғаш рет Семейде 1949 жылдың 29 тамыз күні ауада атом бомбасы жарылып, бұл жер-көкті күңірентті. Мен ол кезде 12 жаста едім. Зәре-құтымыз қалған жоқ. Ал 1950-ші жылы бұл жерде сутегі бомбасы сыналды. Бұл бомба сыналған кезде бомба жасаушылар жер астында қазылған үңгірге тығылып, бақылап жатты. Сол жерлерді кейін көргенімде жердің беті диаметрі 35 километр мөлшерде күлге айналыпты. Не бір өскен өсімдік жоқ, тіпті бір түйір құмырсқа, қоңыз да жоқ сұмдық көрініс болды. Аттасаң табаныңның астынан қатты қабыршықтар бырт-бырт сынады. Әскерилер “Семей қаласына ешқандай зақым келген жоқ” деген желеу қоса айтылады. ....
Рефераттар
Толық

Ұлықбек (толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух) (1394-1449)

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.

Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.

Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.

Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.

...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.....
Рефераттар
Толық

Ұлы жұт

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург. 1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы “союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген. Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан қасіреті” деген өлең бар. ....
Рефераттар
Толық

Сексеуілге экологиялық қауіп бар

Табиғи ресурстар арасында орманның халық шаруашылы-ғында және қоршаған ортаны қорғауда алатын орны өте зор. Ол топырақты және оның құнар¬лы қыртысын жел мен су эро¬зиясынан қорғайды, көшкін құм¬дардың жылжуына, желге тос¬қауыл болады, ауаның ылғалды¬ғын арттырып, топырақта ыл¬ғалдың ұзағырақ сақталуына ық¬пал етеді. Егістің өнімін молай¬тады, мал шаруашылығының дамуына, аңдар мен құстардың өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады.
“Орман — жердің көркі” де¬ген қанатты сөз бекер айтыл-маған. Себебі, жасыл желектер қоршаған ортаға көрік береді, ауадағы зиянды көмір қыш¬қылын өзінің бойына сіңіреді және адамға, тірі организмдерге қажетті оттегіні қалпына келті¬реді, шаң-тозаңдардың, зиянды микробтардың көбеюіне тосқа¬уыл болады. Сонымен бірге, орман – ағаш өндірісінің, аса құнды өсімдік өнімдерінің бірден бір көзі бола отырып, жабайы аң құстардың тұрақты мекені ре¬тінде белгілі. Біздің облыстағы орман қоры жерінің жалпы көлемі 4 млн. 357 мың гектар, оның ішінде орманды жерлер 2 млн. 256 мың гектарды алып жатыр. Облыс ормандары құнды¬лығы жағынан, шөл және шө¬лейт жерлерде, тау аймақтарында өсетін экологиялық маңызы үл¬кен, бірінші топтағы ормандар қатарына жатады.
Облыс әкімдігінің табиғи ре¬сурстар және табиғат пайда-лануды реттеу департаментіне қарасты ормандар және жануар¬лар дүниесін қорғау жөніндегі мемелекеттік мекемелердің алды¬на қойылған негізгі міндеттер – ормандарды қорғау, күтіп-баптау, оның қорын молайту және ке¬сілген орман алқаптарын қалпы¬на келтіруге бағытталған мемле¬кет¬тік іс-шараларды жүзеге асы¬ру болып табылады. Облыстағы орманмен көмкерілген жерлердің аумағы – 2,25 млн. га, оның ішінде сексеуіл ормандары – 1,13 млн. га, басқа орман ағаш¬тары мен әртүрлі бұталар 1,12 млн.га. болады.....
Рефераттар
Толық

Сақтандыру

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты құрылған Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) құрылғанына биыл үш жыл толып отыр.
Нақты бір қызметтерді атқарған ерекше әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытында да болған. Алайда ол кейбір сыртқы және формальді белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға немесе басқа да бір жағдайларға байланысты жәрдемақылар ресімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды. Сақтандыру ол әлеуметтік немесе коммерциялық болғанына қарамастан маңызды принципке негізделуі қажет, яғни төленген жарналарға сәйкес болуы керек.
Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты елімізде әлеуметтік қорғаудың мықты жүйесін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үшдеңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасы жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын.
Халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біздің елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік шығындардың елеулі кеңейгенін дәлелдеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында құрылған Қор бірден бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландырып, әлеуметтік тәуекел туған жағдайға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем төлеуді жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық

Сақтандыру маркетингі

Сақтандырудағы маркетинг — бұл өз аймағындағы, басқа да аймақтардағы және жалпы мемлекет бойынша сақтандыру қызметіне деген қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты зерттеу, талдау және есепке алу бойынша, сондай-ақ белгілі бір бағыттағы сақтандыру қызметіне сұранысты қалыптастыру бойынша шаралар болып табылады.
Сақтандыру ұйымдары өзіндік маркетинг қызметтерін құрады немесе арнайы маркетингтік ұйымдарға немесе қызмет орындарына жүгінеді.
Сақтандыру маркетингінің міндеттері:
 Сақтандыру нарығының жағдайын және нақты сақтандыру қызметтеріне (сақтандыру түрлеріне) сұраныстың перспективасын зерттеу.
 Сақтандырушының жұмысын ұйымдастыруды арттыру және қолындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру резервтерін және жолдарын анықтау.
 Сақтандыру қызметінің (сақтандыру түрлері) жаңа түрлерін әзірлеу.

Сақтандыру маркетингінің іскерлік стратегиясы және тактикасы:
 Потенциалды сақтанушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қажеттіліктерін зерттеу.
 Сақтандыру нарығында қалыптасқан жағдайларды талдау.
 Өз аймағының және жалпы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму жағдайын және тенденцияларын зерттеу.
 Бәсекелес сақтандырушылардың алдыңғы қатарлы тәжирибесін талдау.
 Жарнамалық іс-шаралардың тиімділік әсерін талдау;
 Қалыптасқан нақты жағдайларда өз бетінше сәтті әрекет ету мүмкіндіктерін бағалау.
 Сақтандыру қызметтерін потенциалды сақтанушыларға ұсынудың жаңа формаларын және каналдарын жасақтау.
 Потенциалды сақтанушыларды ынталандыратын шараларды зерттеу мақсатында халық және шаруашылық субъектілері арасында сұрақнама жүргізу. Яғни, сақтандыру келісімін жасауға адамдарды итермелейтін факторлардың кешенін анықтау (экономиканың дамуы, өмір сүрудің әлеуметтік жағдайлары, демографиялық, ұлттық, кәсіби, жыныстық және т.б. ерекшеліктер, сақтандыру мүддесін психологиялық тұрғыдан қабылдау). ....
Рефераттар
Толық

Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі ҚР- ның сақтандырудың жағдайы мен қызметтері туралы мәліметтерді кеңінен білу. Рефератым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен мынадай мәселелерді қарастырдым: Сақтандырудың экономикалық мәні, оның түрлерін және сақтанушылардың қандай мүдделері бар екендігіне тоқталдым.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарын кеңейтуге мемлекет те мүдделі. Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды ұйымдар мүдделерін сақтандыратын жағдайлар салдарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.....
Рефераттар
Толық

Сақтар

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ- патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған.Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519-518 ж.ж сақтарға қарсы I – Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым- салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді. Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. Дейінгі 330-327ж. Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді. Өзеннің қарсы бетінде, гректермен ақаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерелісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі трек-пункті ретінде саналады оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен өзеннен өтіп, сақтарды қуалайды. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың өз басы осы жортуда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Яксард сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс – талабы сәтсіз аяқталады. Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқарады. Мәселен, б.з.б. ІІІ ғ.-б.з.д. ІІІғ. Аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады. ....
Рефераттар
Толық

Сақтардың мәдениеті мен өнері

Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпаның мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың-әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ тайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі-киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б.з.б 1 мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың көш-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылатын киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте-шикі кірпіштен, солтүстік және шығыста-бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Ахеологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер еүмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезеңдегі жер үстінде тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелене жабылған бұл ағаш құрылыстар киәз үйге ғажап ұқсайды. Көшпелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының бастапқы түрі төбесі шошақ күрке, ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.....
Рефераттар
Толық