Информатика | Желілер

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан батыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара апарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер – басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтер базасына жетеді. ....
Рефераттар
Толық