file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Экономика | Әлеуметтік экономика

Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту»- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан «Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.....
Рефераттар
Толық