Әлеуметтану | Әлеуметтік экологиялық мәселелер

Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс.
Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.
Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi. ....
Рефераттар
Толық