Әлеуметтану | Әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық