Құқық | Құқық жасаушылық

Қоғамдық қатынастарды реттеу негізінде әдет-ғұрып, дін, дәстүр сияқты көптеген әлеуметтік нормалар арқылы іс жүзіне асырылады. Сол әлеуметтік нормалардың сапында құқық нормалары ерекше пұрсатқа ие. Құқықтық реттеу басқа әлеуметтік реттеуге Қарағанда өте күрделі және қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Осыған байланысты мемлекет өзінің тарапынан функцияларын атқару, іс жүзіне асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылықпен тікелей айналысады, және аса маңызы бар үрдіс болып табылады. Себебі, дүниеге қандай заң, қаулылар, өкімдер, инструкциялар, шешімдер келеді және олардың сапалық мазмұнына байланысты қоғамдық қатынастар да тиімді реттеледі.
Құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы органдарының қызметтерінің нәтижесінде қабылданады, өзгертіледі және жоққа шығарылады. Мемлекеттің және оның органдарының құқық нормаларын жасауға бағытталған әрекеттерін құқық жасаушылық деп айтады. Мемлекет және құқық теориясында құқық жасаушылықтың ұғымы құқықты қалыптастырумен, құқық нормаларын жасаумен және қабылдаумен тікелей бай¬ланысты. Міне, сондықтан тек ғана құқық жасаушылықтың негізінде ғана күрделі процестен өтіп, заңдар, жарлықтар, қаулы¬лар және басқа да нормативтік кесімдер пайда болады.
Құқық нормалары адамдармен жасалынады, қабылданады және бекітіледі, олардын саналы қызметтерінің тікелей жемісі. Тарихтың қойнауына жүгінетін болсақ құқық жасаушылықтың пайда болуы мемлекеттің шығуымен тікелей байланысты. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттеліп отырған болса, мемлекет пайда болғаннан кейін шиеленісті қоғамды реттеуге әдет-ғұрып номаларының күші жетпейді, дәрменсіздік танытады. Осы кезеңде қалыптасып, пайда болған мемлекет қоғамдық қатынастардың реттелуі тиімді болуы үшін барлық халыққа міндетті құқық нормала¬рын қабылдайды, олардың бұлжытпай орындалуын талап етеді. ....
Рефераттар
Толық