Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті табиғи құбылыстар

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады.
Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:
- геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;
- метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар;
- гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
- табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері;
- жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.....
Рефераттар
Толық