География | Қазіргі картография

Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.
“Картография” ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. [7]
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. ....
Рефераттар
Толық