Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері
Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі...
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген - чуваш ғалымы Г.Н.Волков.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.
Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшілігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениеттіндегі көрінісі.
Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешіліктер мен ұлтгық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Этнопедагогиканың өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтары бар, яғни ол жалпы және даралық заңдылықтар болып бөлінеді:
Жалпы заңдылық - этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуын, оның қайта құрылу тәуелділігін анықтайды.
Даралық заңдылық - этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді.
ІІ. Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар
Этнопедагогика ғылымы халық педагогикасын зерттейтін ғылым болғандықган, басқа ғылымдар сияқты, бұл ғылымның да негізгі ұғымдары бар. Төменде соларға анықтама берілген.
1. Әдеп-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды.
Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл.
2. Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық өмірдегі қатынаста)
Жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, рух тайпаға ортақ рәсімге айналады.....

Рефераттар