Экономика | Қазақстанның ауыл шаруашылығы

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары-ақ ауыл шаруашылығанда теріс құбылыстар бой көрсете бастады, ол бірте-бірте болашақ дағдарыстың алғашқы алғы шарттарын жасады.
Мәселен, 1949—1953 жж. алынған астықтың жылдық орташа көлемі 4,9 млрд. пұт, елде орташа шығымдылығы гектарына 7,7 центнер болды, бұл 1910—1914 жж. сәл ғана артық еді (тиісінше 4,4 млрд. пұт, және гектарына 7,0 центнер). КОКП XIX сьезінің мінбесінен жарияланғанына қарама-қарсы 1952 жылы астықтың жалпы түсімі 8 млрд. емес, 5, 6 млрд. пұт болды (егер бункерден алынған салмағын есептемесек, сақтау негізінде бодған шығындарды қосқанда бұдан да аз еді). Колхоздар мен совхоздардан бүкіл тұқымдық қорды тартып алғанның өзінде 2, млрд. пұт ғана астық дайындалды, яғни астық тапшылығы айқын еді.
Соғыстан кейінгі бес жылдықта 1946—1950 х-ж. Казақстанда статистика астықтың орташа жылдық шығымдылығы 1913 ж. көрсеткішке (гектарына 5,6 ц.) тең болғанын тіркеді. Астықтын, жылдық орташа өнімі 1928 жылғыдан төмен болды. Мемлекетке сатқан астық (жылдық орташа есеп бойынша) көлемі жөнінен 1941 жылғыдан төмен еді.
Республиканың мал шаруашылығы мейлінше ауыр жаряайда болды. 1951 ж. бар болғаны 4,5 млн, ғана ірі қара, (1928 ж. 6-Д млн болған). 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды.
Тек қой саны жөнінен ғана, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындай алдық. 1951 ж. 18036 мың қой болса, ал 1928 ж. 18566 мың қой болған еді.
Соғыстан кейінгі бесжылдықта (1946—1950 жж.) елеулі алға басу байқалды, яғни ол белгілі дәрежеде халық шаруашылығын қалпына келтіріп, онан әрі дамытуға жәрдемдесті.
Алайда КСРО-ның соғыстан кейінгі дамуындағы «оң құбылыстар» болып керінгендер Германия мен Жапонияның — екінші дүниежүзілік соғыстан куйрей жеңілген елдердің соғыстан кейінгі жылдары дамуымен салыстыруға да келмейді. Бұл елдерде күйреген халық шаруашылыған қалпына келтіру (ал онан кейін оны «экономикалық гүлденуге» қарай шапшаң өркендету) шаруашылық саясатын реформаторлық жолмен нарыққа қарай қайта бағыттау арқылы қамтамасыз етілді. Ал біздің елде халық шаруашығын қал-пына келтіру негізінен Отанның игілігіне жан аямай ерлікпен еңбек еткен халықтың ынта-жігері мен отаншылдығы арқасында жүзеге асырылды.....
Рефераттар
Толық