Биология | Эндемия

Эндемия (грек. endon – ішкі және demos – аумақ, ел) – тиісті әлеуметтік және табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақтағы адамдар арасында жұқпалы аурудың қалыптасқан тұрақты түрі. Э-лық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш (микроб) пен ие (адамдар мен жануарлар) арасындағы әрекеттестік көптеген сыртқы көріністермен сипатталады; процестің саны мен сапасының өзгеруіне ішкі реттелу механизмінің тікелей ықпалымен қатар, әлеум.-табиғи факторлар әсер етеді. Олар осы процестің білінуін, сандық тұрғыдан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Э. – аумағы шектелген жердегі тұрғындар арасында ұзақ уақыт бойы тіркеліп отыратын, бірден бұрқ етіп көбеймейтін жұқпалы аурулардың таралуы болып табылады. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зооноздық (малдардан жұғатын) инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың (адамдардан жұғатын) таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі (мыс., тырысқақ). Ал безгек індеті көбінесе осы аурудың .....
Рефераттар
Толық