Экология және судың ластануы

Су - маңызды табиғи ресурс. Ол тіршілік негізін құрайтын зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өндірістегі маңызы зор. Ал оның адам, жануар және өсімдіктердің тіршілігіндегі ролі жалпыға мәлім. Көптеген тірі ағзалар үшін су мекен ету ортасы болып табылады.
Қалалардың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының қарқынды түрде дамуы, егістік алқаптар ауданының артуы, халықтың мәдени-тұрмыстық жағдайының жақсаруы және басқа да көптеген факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсуде.
Суға деген қажеттілік өте зор жэне жыл сайын арта түсуде. Жер шарын сумен қамтамасыз етудің жылдық шығымы 3300-3500 км3 құрайды. Соның ішінде 70% ауыл шаруашылығында қолданылады.
Суды көп пайдаланатын өндірістер: химия жэне целлюлоза-қағаз жасау өнеркәсібі, қара және түсті металлургия. Энергетиканьщ дамуы да суды пайдаланудың күрт артуына әкеледі. Су, әсіресе, мал шаруашылығы саласына, халықтың тұрмыстық қажеттілігіне өте көп шығындалады. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке жұмсалған судың көп бөлігі қайтадан өзендер мен тұщы су қоймаларына келеді.
Бүгінгі таңда тұщы су тапшылығы дүниежүзілік проблема болып отыр. Суға деген өндіріс және ауыл шаруашылығы қажеттілігінің артуы барлық елдердің, дүние жүзінің ғалымдарын бұл мәселені шешудің алуан түрлі әдістерін қарастыруға мәжбүр етуде.
Қазіргі уақытта су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары анықталды: тұщы су ресурстарын молайту жэне толық пайдалану, тұщы суды аз пайдаланатын жэне су қоймаларды ластамайтын жаңа технологаялық процестерді табу. ....
Рефераттар
Толық