Экологиялық-экономикалық даму

Экологиялық-экономикалық дамудың осы заманғы үлгісін экономикалық дамудың техногендік түрі ретінде анықтауға жəне оны табиғатты көп қажетсінетін (табиғатты бүлдіретін) даму есебінде сипаттауға болады, осы даму өндірістің жасанды құралдарын пайдалануға негізделеді, олар экологиялық шектеулерді есепке алусыз құрылған. Техногендік үлгідегі өзіндік ерекшеліктер болып табылатындар:
• табиғи ресурстардың қалпына келтірілмейтін (жаңғыртылмайтын) түрлерін (ең алдымен пайдалы қазбаларды) асығыс жəне сарқып пайдалану;
• қалпына келтірілетін ресурстарды (топырақ, орман жəне т.б.) оларды ұдайы өндіру мен қалпына келтіру мүмкіндігінен алып кететін жылдамдықпен пайдалану;
• қоршаған ортаның ассимиляциялық мүмкіндігінен асатын орасан көп ластанулар мен қалдықтар.
Бұл ретте адамның денсаулығының нашарлауының, табиғи ресурстардың азуы мен адам əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаның ластануының құндық бағасы болып табылатын елеулі залал келтіріледі. Экономикалық дамудың техногендік үлгісі үшін елеулі теріс экстерналиялар (сыртқы əсерлер) тəн.
Ең соңғы кезеңге дейін экономикалық теорияда экономикалық өсудің екі факторы – еңбек пен капиталға баса назар аударылып келді. Табиғи ресурстар сарқылмайтын болып ұйғарылып келді жəне оларды қалпына келтіру мен қорларының мүмкіндіктеріне байланысты тұтыну деңгейі анықтаушы параметрлер қатарында қаралынбады. Бұл экономикалық теория мен экономикалық зерттеулерде кең тараған өндірістік қызметтері мысалынан көрінеді. Түрлі ластанулар, адам денсаулығына зиян келтіру, қоршаған орта мен ресурстар тозуы түріндегі экономикалық даму салдарлары қараудан тыс қалды. Кері ықпал да, экологиялық тозу мен ресурстардың экономикалық дамуы арасындағы кері байланыс та зерттелген емес. Осындай экономиканың мақсаттық қызметін И.В. Мичуриннің мына сөздерімен анықтауға болады: “Табиғаттан рақым күтуге болмайды, біздің міндетіміз – оны тартып алу”.
Экономикалық дамудың осындай тұжырымдамасының мəн-мағынасы ең соңғы уақытқа дейін наразылыққа ұшыраған емес. Ол əбден түсінікті де, өйткені шектеусіз экономикалық өсу өндіріс күштері дамуының салыстырмалы төмен деңгейіне, биосфераның өзін-өзі реттеуінің үлкен мүмкіндіктеріне қарай жаһандық экономикалық өзгерістерге ұшыратқан жоқ. ....
Рефераттар
Толық