Шығыс Қазақстанның туристтік мүмкіншілігі

Бұқтырма—көне обалар тобы. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2км жерде. 1953 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттелген. Олар тас дуалмен дөңгелене қоршалған. Мүдделері сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың ішінен б.з.б. 3-4 ғасырларға жататын қола шанышқы, қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары табылған.
Бұқтырма--өзен,Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 405км, су жиналатын алабы 15,5мың км . Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты,т.б. Өзен аңғарының беткейлері тік жарлы, терең шатқалды, аңғарының ені 5-6км, тар жері 0,3-0,4км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде; жазда тасиді. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма аталған.
Бұқтырма бөгені, Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облыс аумағында, Қалба, Нарым, Күршім жоталары аралығында орналасқан. 1960-1967 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940км , ұзындығы 600км, ені 40км, ең терең жері 80м. Суының көлемі 49,6км .Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің төмен ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң бір тұтас су айдынына айналды.Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне бойланысты шартты түрде үшке бөлуге болады:жоғар, орта және төменгі бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биітігіне жетеді....
Рефераттар
Толық