Философия тарихындағы адам проблемасы

Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе болады.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырысмдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді.
XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі.....
Рефераттар
Толық