Тұлға теориялары

Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго.
Инстингтер. Фрейд инстингтің екі негізгі тобын мойындады: өмір және өлім инстингтері. Бірінші топ (Эрос) өмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір инстингтерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстингтердің орнын айқындайды. Сексуалды инстингтердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп атайды.
К. Г.Юнг (1875-1961) – Швецар психологы, психиатры, мәдениет танушысы, «терең» психологияның практигі, психологияның «аналитикалық психология» деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылыста. Ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырады.
Психиканың келесі деңгейі – индивидуалды бейсаналы деңгей, индивидуалды тәжірибеде жинақталған, ығыстырылған мазмұндар. Индивидуалды бейсаналы сфера субьективті болып табылады.
Ұжымдық бейсаналы деңгей – архетиптердің немесе динамикалық бейнелердің жиынтығы. Бұл ескі бейнелер бір деңгейде: әрі аффективтілікті, әрі когнитивтілікті білдіреді.
З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А.Адлер «толымсыз» мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда тез жұқтырады. Оның ойынша әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар әрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған немесе дамыма қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсайиялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.....
Рефераттар
Толық