Тянь Шань таулы өлкесі

Т я н ь - Ш а н ь таулы өлкесі Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда а с п а н т а у деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасуы бағытына қарай: солтүстік Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань деп бөлінсді. Тянь-Шань - Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Тау~ дың шығыс бөлігі Қытай жерінде орналасқан. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянъ-Шаньның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньнан Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу-Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнаы Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау, Орталық Тянь-Шаньнан Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін кұрайтын жоталар болып табылады.Таулар жүйесі, жер бедері мен геологиялық тарихы Тянь-Шаньның ең биік нүктесі -Хантәңірі (6995 м). Орталық Тянь-Шаньның үлкен жотасы Теріскей Алатау оңтүстігінде орналасқан. Сол жерден Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы өтеді. Теріскей Алатаудың жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған. Оның үстінде төменгі палеозойдыңтақтатасы, құмтасы, шөгінді эффузивті жыныстары қабаттасқан. Тау беткейлері кұрғак;, терең шатқалдармен тілімделген, жері жазық, солтүстігі Бетпақдаламен шектеседі. Қазіргі уақытта жоталарының биік бастары мәңгі қар жамылып, әлсін-әлсін жер сілкіну болуы Тянь-Шань тау жоталарында альпілік тау жасалу жүріп жатқанын байқатады. Тянь-Шань тау жоталары пайдалы қазбаларға, оның ішінде полиметалл рудаларына өте бай. Тянь-Шань тау жоталарының пайдалы қазбалары әлі толық зерттелмеген Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес. Ол биік жоталармен бірге тауаралық алқаптардан, қыратты жазықтардан тұрады. Таулардың биік белдеулері оның да муының негізгі заңдылықтарын белгілейді. ....
Рефераттар
Толық