Социологиялық зерттеу

Социологиялық зерттеуге – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтыры жатады.
Социологиялық нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологиялық зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Социологияның зерттеу нысаны – индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, «Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні» (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, «Қылмыс пен жаза» (1914), «Социология жүйесі» (1920) кітаптарының жеке тарауларында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен ерекшеленеді. П. Сорокин «Социология жүйесі» атты еңбегінде «әрбір социология теоретигінің бірінші міндеті бұл – пәннің анықтамасын айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін» деп жазды.
Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.....
Рефераттар
Толық