Семіру туралы жалпы түсінік

Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен) алмасып тұрады. Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус болып есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында «аштық» сезімінің орталығы, ал вентромедиалдық ядроларында «тойыну» сезімінің орталығы орналасқан. Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералдық ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып, олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады. Ал, олардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да олар тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді.
Ішек, әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды. Ол зат арэнтерин – деп аталды. Бірақ ол әлі таза күйінде алынған жоқ. Сондай-ақ холецистокинин де аштық сезімді азайтып, тәбетті төмендетеді. Ол гипоталамустың вентролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек-қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің, соматостатиннің, нейротензиннің, кортиколибериннің, тиреолибериннің, қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады. Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды. Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды, гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік-эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады. Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады.
Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады:
- цитокиндер (олардың ішінде қан өндіретін-гемопоездік жасушалардың өсу факторын) өндіреді, олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен нақтылануын қадағалайды;
- «тоқтық» жағдайда, әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері, май түзілуін тежейтін кахексин (өспені жоятын фактора) өндіреді, ол инсулинге қарсы әсер етеді. Инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер артық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа әсер етіп, төмендетеді және организмде ыдырау үрдістерін күшейтеді;
- жыныстық гормондар (эстрогендер мен андрогендер)өндіреді. Дененің төменгі жақтарында орналасқан май тінінің адипоциттері эстрогендер шығарады. Еркектерде олардың артық өндірілуі гинекомастия және белсіздік дамуына ықпал етеді. Өйткені олар гипоталамусқа әсер етіп, гонадолиберин өндірілуін кемітеді. Содан денедегі тестостеронның деңгейі төмендейді;
- «тоқтық» жағдайда адипоциттер пептидтік гормон лептин өндіреді. ....
Рефераттар
Толық