Психологияның дамуы

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Анықтамасы
Этимологиялық деңгейде психология жан мен рухты (көне грекше: ψυχή — жан, рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (психофизиология), сезімдік (мотивация, байым, моторика), интеллективттік (когнитивттік психология) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой функцияларын зерттеумен бірге, субьективтілікттің казуисттік әдістемесі, субьект жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен психологиясы, Бет#психофизиология, жануар психологиясы) арқылы ажыратылады.....
Рефераттар
Толық