Отбасы туралы түсінік

Болашақ бүгiннен басталатынын тереңiрек зерделесек, жастар тағдыры, жан-жақты жетiлген ұрпақ тәрбиелеу мәселесi қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгенi даусыз. «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе»деген М.Әуезовтың аталы сөзi отбасы тәрбиесiнiң маңызын көрсетедi. Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
- көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі;
- қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;
- отбасы анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық;
- көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы;
- бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы;
- күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы бәсеке, дау-дамай;
- отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.....
Рефераттар
Толық