Отбасылық құқылық қатынастар

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын АХАЖ мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді. ....
Рефераттар
Толық