Физиология | Нейронның құрылысы қызметі

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелермен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функцианалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады. Торша тұлғасы- денесі, қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейрит немесе аксон және ұшы немесе терминалдар. ....
Рефераттар
Толық