Мәдениеттану | Мәдениеттану ұғымы және мәні

Мәдениеттану XIX ғасырдың сонғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарына тыс қалған жоқ. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның мәдениет туралы ғылымның әр тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Көпшілік жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың негізі ретінде қарастырылып жүр. Дегенмен біртұтас, біріңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді, мәдениеттануды тек ғана білімдер жүйесі тұрғысында қарастыруға болмайды. Мәдениеттануда рационалды білімдер жүйесімен қатар, рационалдықтан тысқары түсіну жүйесі бар, мұның екеуі де іштей үйлесімді және екеуі бірдей мәдениетті ғылыми-гуманитарлық тұрғыда түсінуде маңызды роль атқарады. Түсінудің толықтығына сүйене отырып толығынан түсіну, мәдениеттанудың ең жоғарғы жетістігі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық