Әдебиет | Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Міржақып дулатов

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармалық мұрасы
3 Өлеңдері
4 "Бақытсыз Жамал" романы
5 Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
6 Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
7 Пайдаланған әдебиет
8 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын .....
Рефераттар
Толық