Әлеуметтану | Макс Вебер
Макс Вебер (Max Weber) (1864-1920) - аса көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист және заңгер.
Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университет-терінде білім нәрінен сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891-1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылыми-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды.
1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс әлеуметтану журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс әлеуметтанушылар қоғамдастығымен белсенді қарым-қатынас жасап, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның әлеуметтану зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге әдіснама, мәдени-тарихи және әлеуметтанушылық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка әлеуметтануы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді. ....

Рефераттар