Биология | Лейкоцитоз
Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады......
Рефераттар