Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау

Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬номикасының негізі. Соның ішінде, дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қажеттілігінің маңызы мынаған сайып келеді: Еуропаның дамыған ел-дерінде шағын және орта кә¬сіп¬керліктің өнімі ішкі жалпы өнім¬нің 40-60 пайызын құрайды, ал бізде бұл көрсеткіш 15,7 пайызға тең. Қазір Қазақстанда 455 мың же¬ке кәсіпкер, 169 мың фермерлік ша¬руашылық, 189 671 шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркеуден өткен 189 671 шағын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғаны - 120 356. Қазіргі таңда шын мәнісінде белсенділік танытып отырған кәсіпорын саны - 55 865. Осыған қарап-ақ елі¬мізде кәсіпкерлік субъектілерінің олардың Қазақстан эко¬но-микасына қосар үлесі әлі де мар¬дымсыздау екенін мойындауға тура келеді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік шаралар кешені. ....
Рефераттар
Толық