Құқық | Конституциялық құқық негіздері

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, коституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы – конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуына байланысты болатын – ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқық жүйесіне: 1) конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; 3) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастарымен қарым-қатынасы жайлы білімдер; 4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімдер; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 6) Қазақстан Республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды, салыстырмалы-құқықтық , жүйелік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістерінің көмегімен оқытылады.
Теориялық қортындылар жасай отырып, конституциялық құқық ғылымы, ғылыми танымның негізін құрайтын барынша кең деректер жүйесіне сүйенеді. Осындай деректердің қатарына Конституция, конституциялық және қатардағы заңдар, Президенттің, Парламенттің; Үкіметтің, жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдардың нормативті актілері жатады. Сонымен бірге конституциялық құқықтың деректері көздеріне отандық, шетел оқымыстылары, ғалымдары, зерттеушілерінің конституциялық құқық саласына байланысты жазған еңбектері жатады.....
Рефераттар
Толық