Информатика | Компьютерлік информацияны қорғау

Көз алдыңызға мына бейнені елестетіп көріңізші, өзіңізге қажетті кез-келген ақпарат сіз қалаған түрде қол астыңыздан табылады. Үйде, кеңседе, мекемеде және басқа қаладағы қажетті құжатты көргіңіз келсе, міне ол көз алдыңыздан көрінеді. Бірер минут арасында келісім – шарт үлгісін қағазға басып алу, есепшот жайындағы мәліметті тікелей банкіден білу мәселесі шешіледі. Ақпарат жүйесіндегі жеке адам, кітапхана, мекеме, ұйыммен кез – келген жерден қосылуға болады. Олармен хат алмасу, тікелей сөйлесу, бейнесін көру мүмкіндігі туады. «Бұл ғажайып қиял ғой», - дерсіз. Қателесесіз, өйткені бұл бүгінгі күнгі шындық. Қолыңыздағы кішігірім «Офис»- дербес компьютер (Notebook) ұялы телефон арқылы дүние жүзілік компьютерлердің байланысы (Internet) жүйесіне қосылған. Ал, интернет арқылы дүние жүзін қамтыған тор (WWW- Word Wide Wed) қажетті ақпарат, электронды хат алмасу, әлемнің әр нүктесіндегі адамдар бір – бірінің бейнелерін көре отырып сұхбаттасу, электронды сауда – саттық жасау, оқу орындарынан қашық жерде білім мүмкіндігіне ие болады. Қысқасы, көзііңз көптен көруге, құлағыңыз алшақтан естуге, қолыңыз жетпей – ақ алуға, аяғыңыз баспай –ақ баруға жеткізген өркениеттің игілігі КОМПЬЮТЕР мен мәдениеттің ізгілігі АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ.
Компьютер – бұл өте жылдам есептеуіш машина, аса күшті калькулятор. Бар мүмкіндігі санды қосу, салыстыру және жадыда сақтау деп компьютер маманы айтса. Компьютер бұл керемет ойлана алатын интелектісі өте жоғары машина деп компьютер сүюші айтады. Әрине екеуінің айтып отырғандары орынды. Біздің күнделікті естуімізде компьютер сандаған мәтіндер өңделіп суреттің талай түрі туындап, дыбыс пен музыкалар жазылып, бейне қозғалыстар жасалып жатыр емес пе ?! Дегенмен түбінде компьютердің мазмұны бүкіл ақпаратты тек сан түрінде ғана өңдейді және сақтайды.
Компьютер саласын жан-жақты зерттейтін ғылым «Компьютер ғылымы» деп , ал ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жанқты зерттейтін ғылым «информатика» деп аталады. ХХІ ғасырда көптеген ақпарат көздерінде «ақпарат ғасыры», «ақпараттық қоғам» деген тіркестермен айтады, біз басты құралы компьютермен болғандықтан «компьютер ғасыры» деп атаймыз. Жаңа ғасырда зат пен энергия көзі емес ақпарат пен білім көзі қоғамның шешуші күштеріне айналады.Жаңа қоғамда ақпарат жайындағы ғылым пайда болары мүмкін. Сол ғылымның басты өзегі Информатика болуы мүмкін информатика ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жақты зерттейтін ғылым дәрежесіне көтерері хақ.....
Рефераттар
Толық