Қаржы | Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық Банкі» және 1995 жылдың 31 наурызында қабылданған « Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйемен не бары 13 жылдық тарихы бар.
ҚР – дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

Банк түрлері 01.
1998 01.
1999 01.
2000 01.
2001 01.
2002 01.
2003 01.
2004 01.
2005
Екінші деңгейдегі банктер
барлығы: 130 101 82 71 55 47 44 38
Оның ішінде:
Мемлекеттік 4 4 6 1 1 1 2 2
Мемлекетара-лық 1 1 1 1 1 1 1 -
Шетел капиталының қатысуымен 8 9 22 23 22 16 16 17
Еншілес банктер 5 5 7 11 12 12 11 11

90 – шы жылдың басында банктердің саны 200 – ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса сол жылдың орта кезңінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ....
Рефераттар
Толық