География | Жапония

Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол, парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен. ....
Рефераттар
Толық

География | Жапония

Жапония – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Жапонияны, әлбетте «Күншығыс елі» деп атайды. Елдің негізгі бөлігін Жапон топаралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю, Хокайда, Кюсю, Сикоку аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3000 шаршы шақырымнан астам доға түрінде созылып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29 751 шаршы шақырым.
Жапония конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлектті премьер-министр басқарады. Унитарлы мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.
Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін табиғаты күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны – 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық ....
Рефераттар
Толық