Құқық | Еңбек құқығы

Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.
Еңбек құқығының негізгі бастауы 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Еңбек құқығы нормалары, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілерде мазмұндалаған: Ұжымның шарттар туралы, Еңбекті қорғау туралы, Кәсіптік одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңдары. Олар «Еңбек туралы» Заңға қайшы келмеуі себепті қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, және еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерді болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен немесе ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар тзаңдылықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындалуы үшін міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт – жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт. ....
Рефераттар
Толық