География | Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді».
Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады.
Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....
Рефераттар
Толық