Медицина | Гольджи аппараты
Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіліді. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митокондриялар тағы басқалар жатады. Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы ауыр металдардың ерітінділерімен (осий немесе күміс) нерв клеткаларын бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материялдың барын бірінші болып тапты. Оны «ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін бояу әдістерін жетілдіру арқылы Гольжди аппаратыныңбарлық эукариотты клеткаларда болатыны толық анықталады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі Гольджи аппаратының мембранасының осмий ерітіндісін өзіне жақсы сіңіретіндігінен екен. Егер осмий ерітіндісімен бояса, кейбір клеткаларда бұл аппарат тор-тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (диктисома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. сонымен Гольджи аппараты клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Әр түрлі жаңа әдістерді (электорнды микроскопия, афторадиография, цитохимия, биохимия) қолдана отырып, Гольджи аппаратының құрылысы жан-жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері-цитозольа (глиалоплпзма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. ....
Рефераттар