Экономика | Валюталық нарық және валюта жүйелері
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесін (тауардың, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбасталу істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі. ....

Рефераттар