Экономика | БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

дүнне жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды әмбебап халыкаралык ұйым. Басты максаты — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ кызметінің негізгі принциптерін 1939 — 45 ж. 2-дүние-жүз. соғыс кезінде антигитлерлік коалияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО. АҚШ, Ұлыбритания сырткы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары катыскан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықаралық ұйым кұру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-казан айларында өткен Думбартон-Окс конференииясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференииясында (1945) Думбартон-Окс жоба¬сы бірауыздан мақұлданып,сондай-ақ. Сан-Франциско конференциясында (1945. 26 маусым) БҰҰ Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның күрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет {сондай-ак Польша) қатыс¬қан болатын. Жарғының күшіне енген сәті — 1945 жылғы 26 казан жыл сайын "Бі¬ріккен Ұлтттар Ұйымының күні" деп аталып өтеді. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бей-бітшілік пен кауіпсіздікті жақтап. мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын корғап. халыкаралық құқықты жүйелеу және онын прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея, К,ауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халыкаралык сот, Қамқорлык жөніндегі кеңес пен Хатшылык (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АКШ) орналасқан. Женевада (Швейца¬рия). Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекігілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.Бас А с с а м б л е я н ы ң мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді. Қауіпсіздік Кенесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талкы-лап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап бекітеді. БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес К а у і и с і з д і к К е ң е с і н е халықаралық бей-бітшілік пен кауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі — Кеңестік 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық кағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. ....
Рефераттар
Толық