Тарих | Аңырақай шайқасының маңызы

Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. ....
Рефераттар
Толық