Экономика | Акционерлік қоғам қоғам түсінігі және таратылуы
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты.
Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады.
Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз – бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады.
Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам – бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам – бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады” деген де ойлардың кездесетінін айту орынды. ....

Рефераттар