Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған. Осы төлеңгіт елі жайында қазақтың асылы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда .....
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Жанатай осы жорықта қаза табады. Кенесары мен Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста Жанайдар амалсыздан ат басын Арқадағы еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын бағаналы найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей патшасы кешірім жасағаннан кейін .....
Өмірбаяны 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1] Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған .....
Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар .....
Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан. Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі: Ашуланып Жылқыаман, Қалт, қалт, қалт етті. Қайтпаймын деген дауысы Ақ сұңқардай саңқ етті...
... Жұрдай болған Қырғауыл, Жүрегі енді зырқ етті. "Енді өзімді атар" - деп, Артқы жағы тырқ етті. Он үш жасар Жылқыаман, Қырғауылды сөйтіп күлкі етті. Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады: "Ақшұбар" мылтық білтелі, Білтенің ұшы қызыл шоқ. Дәрігі шоқты тіркеді, Жоңғардың қалың жеріне. Жылқыаманды сілтеді, Түтінін қосып түтінге. Даусына даусын тіркеді, Қалың жерге келгенше, Шұбардың даусын іркеді. Оқ тиген жоңғар оқталып, Жан-жағына үркеді. Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған. ]98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді. Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады. Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар .....
Жәмеңке мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: ".... .....
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) – батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж. Ж. абақ керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі .....
Иван Алексеевич Щепетков (1910, Алматы қаласы - 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға .....
Шапшаев Иван Леонтьевич (1910, Ресей, Хабаровск өлкесі, Новоспасск селосы - 2.10. 1967, Ресей, Калинин облысы Тверь қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк командирі, подполковник. Орыс. Орта мектепте оқып, Бурсинск көмір шахтасында жұмыс істеді. 1933 жылы Кеңес әскері катарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінен ¥лы Отан соғысына қатысты. Шапшаевтың бүкіл майдандық өмірі даңқты .....
Яроцкий Иван Михайлович (18.06.1916, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Подгорное ауылы - 25.7.1980, Ресей, Татарстан, Қазан қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант. Орыс. 8-сыныпты бітірген соң тракторшылар курсын оқып, ұжымшарда 15 жылы жұмыс істеді. 1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1938 жылы Хасан көлі маңындағы болған қақтығысқа қатысты. 1939 жылы әскери училищені бітірді. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флотының .....