Логистика | Логистика
Логистика — тұтынушыларға шикізатпен жабдықтаушылардан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алға бастырудың тиімді процесін ұйымдастыру, өнімдер, тауарлар, қызмет көрсетулер саласының жұмыс істеу, тауар қорларын басқару, тауар қозғалысының инфрақұрылымын жасау мәнін білдіретін мамандық. Логистиканың барынша кең таралған атауы оны әртүрлі жүйлердегі материалдық, ақпараттық және қаржылық ресурстар қозғалысын жоспарлау, басқару және бақылау туралы ғылым ретінде түсіндіреді. Ұйымдастыру менеджменті тұрғысынан логистиканы материалдар, бөлшектер және дайын керек-жарақты (техники және басқасы) сатып алу, жабдықтау, тасымалдау, сату және сақтау процесіндегі материалдық ағындарды стратегиялық басқару ретінде қарастыруға болады. Түсінік сондай-ақ тиісті ақпарат ағындарын, қаржылық ақпаратты басқаруды қамтиды. Логистика бір кәсіпорын шеңберіндегі сияқты, сондай-ақ кәсіпорындар тобы үшін де сервисті жасау, өткізу және сүйемелдеу процесін жаңартуға және кедергілерді оңтайландыруға бағытталған. Логист күні – 10-қаңтар. ....
Рефераттар