Репо операциясы туралы ұғым

Репо операциясы қазақстандық коммерциялық банктер үшін бағалы кағаздармен жүретін жаңа бір операцияның түрi болып табылады. Бiрақ бұл операциямен тек қана коммерциялық банктер ғана емес, сонымен қатар қор нарығының қapжылық компаниялары мен басқа да заңды тұлғалар айналысып жүр. Репо нарығы, қор нарығындағы қиындықтарға қарағанда да, дамуының объективтi алғы шарттары бар.
Репо операциясы маңызды макроэкономиқалық ұғымға ие, яғни банктiк жуйенің отімділiгiн басқарғанда олардың қолданылуы.
Репо операцияларын қолдану өте қажеттi, себебi ашық нарықтағы операциялар көлемi ұлғаяды және қажеттi максаттарға жетуде шығындар аз болады. Коммерциялық банктердiң уакытша бос ресурстарын төменгi тәукелмен орналастыруға, ал Ұлттық банкке туындаған толқындарды төмендетудi оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.
Репо – екi бөлiмнен тұратын қаржылық операция. Келiсiм шартқа қатысушы бiр жақ бағалы кағаздарды екiншi жаққа сатады және тура сол уақытта қайта сату мiндеттемесiне сай келетiн кайта сатып алу мiндеттемесiн өзiне екiншi жақ алады.Бағалы кағаздарды қайта сатып алу, басында сатылған бағадан ерекшеленетiн бағамен жүзеге асады. Бағалар араcындағы айырмашылық репоның бiрiншi бөлiмiндегi бағалы кағаздарды сатып алушы болып келетiн жақтың алатын пайдасы болып келедi. Тәжірибеде сатушының пайдасы реподағы мөлшерлеменiң көлемiмен анықталады, бұл репо операциясының басқа қаржылық операциялардан өткiздiру тиiмдiлiгiн анықтауға мумкiндiк бередi.
Керi репо тура сол келiсiм шартты бiлдiредi, бiрақ репоның бiрiншi бөлiмiндегi бағалы қағазды сатып алушы жағынан қарастырғанда.
Репо операциясы жақтар арасында келiсiм шарттың жасалуы негiзiнде жургiзiледi.
Репо операциясын жургiзгенде репоның бiрiншi бөлiмiнде сатып алынған қағаздардан ерекшеленетiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу жағдайы да қарастырылады, яғни басқа бағалы кағаздармен орнын ауыстыру мүмкiндiгi. Егер келiсiм шартта бағалы қағаздарды ауыстыратын қағаздар белгiленiп және олардың сипаттамасы көрсетiлсе, онда орын ауыстыру құқығы өз күшiне енедi. ....
Рефераттар
Толық

Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы

2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды.
Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді.
Салым¬шының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жыл¬дары, елімізде зейнетақы рефор¬ма¬лары басталған тұста, яғни “Қа¬зақ¬стан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабыл¬данбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды?
МД: Өткенді еске түсіретін бол¬сақ, Елбасы “Қазақстан Республика-сындағы зейнетақымен қамсыздан¬дыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қам¬тамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынты¬мақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшілік¬тері-мен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті.
Осы жылдардың ішінде жинақ¬тау¬шы зейнетақы жүйе¬сінде 5 миллиард¬қа жуық АҚШ доллары жинақталып, на¬рықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді.
Жуырда Қазақстан қаржыгерлері¬нің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бү¬гін¬де кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті.
Дегенмен, бұл жерде Қазақстан¬ның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өт¬кен¬дігін де ұмытпауымыз керек. Сон-дықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ.
Бұған зейнетақы туралы заң¬дар¬да¬ғы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қам¬титын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда – тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнет¬ақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды.
Алайда, 2006 жылдың 1 қаң¬тары¬нан бастап Қазақстан Республика-сының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттары бар:
- логотипі, яғни карточканың қай төлем жүесіне тиісі екендігі, мысалы: “Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;
- карточканың номері (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні;
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.
Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты. ....
Рефераттар
Толық